$ 518.34  591.06  6.27

Шындықты айтқан Смақов бірнеше ойыннан шеттетілді

Сондай-ақ ол кешірім сұрамайтынын, 25-сәуірде өтетін "Аңыздар матчына" қатыспайтынын айтып, өзін жарнамадан алып тастауды сұрады. 

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов «Ордабасыға» қарсы ойында төрешіге әдепсіз сөздер айтып, жат әрекет еткені үшін жазаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Самат Смақов алдағы 4 ойыннан шеттетілді. 

"Қазақстан футбол федерациясы тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында осындай шешім қабылданды. Бұған қоса, ол матч соңындағы баспасөз мәслихатында отандық футболдың былықтарын ашты.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан айтарлықтай қалып қойдық. Тіпті, Моңғолия мен Үндістан да бізді басып озады. Сондықтан, ешқашан әлем чемпионатына шыға алмаймыз. Бұдан басқа да біраз мәселені көтерді", -  деп жазады спорт журналисі Аслан Қаженов. 

Самат Смақов федерация шешімінен кейін, яғни, бірнеше ойынға шеттілгенін білгенде «бұның барлығы шындық үшін» деген жазба қалдырды әлеуметтік желідегі парақшасында. Сондай-ақ ол кешірім сұрамайтынын, 25-сәуірде өтетін "Аңыздар матчына" қатыспайтынын айтып, өзін жарнамадан алып тастауды сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары