Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді.
Ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президенті, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры», – делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, 2021 жылы мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары болған Сәкен Мұсайбеков қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге сотталған.
Кейін Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді.