$ 518.34  591.06  6.27

«20 жылдық еңбегін дәлелдей алмады»: Олимпиада чемпионы Александр Винокуров мемлекеттік төлемнен қағылды

Өз елінің атынан 20 жыл бойы жарыстарға қатысқанын дәлелдеу үшін түрлі анықтама жинап, кабинеттен кабинетке сабылуға мәжбүр.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық велоспорттың аңызына айналған Александр Винокуров жоғары спорттық жетістіктері үшін берілетін "олимпиадалық" төлемдерді рәсімдей алмай отыр. Бұл төлемдер Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысқан және жүлде алған спортшылар мен жаттықтырушыларға беріледі. Алайда Винокуров өз елінің атынан 20 жыл бойы жарыстарға қатысқанын дәлелдеу үшін түрлі анықтама жинап, кабинеттен кабинетке сабылуға мәжбүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров 1998 жылдан 2006 жылға дейін мен штаттық құрамда болмағанын және жалақы алмағанын айтты.

"Архивте анықтама да жоқ. Егер зейнетақы аударымдары болмаса, демек жұмыс істемегенсің деп қабылдайды. Жігіттер, онда менің ұлттық құрамада болғанымды, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионаттарына қатысқанымды растайтын құжаттарды неге есепке алмайсыздар?” деп сұрадым”, – деді Александр Винокуров.

Қазіргі ережеге сай, штаттық ұлттық құрамда жұмыс істеген мерзім ғана еңбек өтілі ретінде есептеледі. Ал ұлттық құрама мүшесі болған кезең есепке алынбайды. Бұл жағдайдың әділетсіз екенін айтқан Винокуров төлемдерге қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізу қажет деп санайды. Оның пікірін спорт саласындағы сарапшы Альберт Ахметов те қолдайды.

"Бұл жағдайдан шығу үшін заң жүзінде бір жолын ойластыру қажет. Кейбір қосымша баптар мен тармақтар енгізу керек. Мәселен, Олимпиада медалі бар спортшылар, егер қандай да бір түрде ұлттық құрамада болғаны дәлелденсе, өмір бойы төлем алуға құқылы болуы қажет", – деді сарапшы Альберт Ахметов. 

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, Александр Винокуровтың еңбек өтілі құжат жүзінде тек 10 жыл 11 ай ғана болып отыр. Комитеттің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиев 20 жылдық талапқа сай келмейтінін атап өтті.

"Жоғарыда аталған негіздерге сай, Александр Николаевич Винокуров өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуге тиісті еңбек өтілінің жеткіліксіздігіне байланысты сәйкес келмейді", – деп түсіндірді министрлік өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары