$ 512.34  582.07  6.31

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын тартып алмақ

Әлімханұлы қазіргі таңда доминикалық Карлос Адаместі құрығына түсіре алмай жүр.

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) өз салмағындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

— Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйіме қайтамын, — деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.

Джахай Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, онда төрешілердің ортақ шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20-4-1, 14 КО) жеңді. Ал Жәнібек Әлімханұлы дәл сол күні Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғады.

Әлімханұлы қазіргі таңда доминикалық Карлос Адаместі құрығына түсіре алмай жүр. Ол осы салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары