$ 512.34  582.07  6.31

Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы 400 млн теңге жымқырған

Күдіктінің бұдан бөлек те мемлекет бюджетіне ірі көлемде зиян келтіргені анықталып отыр.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Оралбай Жақсымбетов және оның орынбасарына қатысты тергеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайлы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Антикор мәліметінше, 2022–2023 жылдар аралығында олар алдын ала сөз байласу арқылы спорттық жабдық алуға бөлінген 397 миллион теңгені жымқырғаны. 

Оралбай Жақсымбетов 2021 жылы «Dat Corporation» ЖШС директоры қызметін атқарған кезінде де заңсыз әрекеттерге барғаны белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161 миллион теңге бюджет қаржысын қолды қылған.

Аталған фактілерге байланысты Жақсымбетовке қатысты бірнеше эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Енді сот шешімі бұл істің ақ-қарасын анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары