Тартысты өткен матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Весбаден (Германия) ITF W100 турнирінде екі кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ж.Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге алдымен ұлыбританиялықтар Джоди Беррейдж – Эден Силваны жолдан тайдырды – 7:6 (7:3), 6:7 (1:7), 10:8.
Тартысты өткен матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Қазақстандық-латвиялық жұп ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, норвегиялық Ульрикке Эйкери – жапониялық Эри Ходзумидің мысын басты – 6:3, 1:6, 10:7. Бұл бәсеке 1 сағат 24 минутта бітті.
Жібек Құламбаева – Дарья Семенистаяның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Вик (Испания) челленджер турнирінің ширек финалында жапониялық Сюко Аояма – америкалық Сабрина Сантамарияны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Алайда қазақстандық-ресейлік дуэт жартылай финалда канадалық Бьянка Андрееску – индонезиялық Алдила Сутджиадиге есе жіберді – 6:7 (4:7), 6:4, 5:10.
Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 258-орындағы Денис Евсеев Эшторил (Португалия) челленджер додасының екінші айналымында әлемнің 47-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичтен жеңіліп қалды – 1:6, 6:3, 5:7.