$ 518.53  588.17  6.39

Канелоның айқасы тарихи антирекорд жасады

Еске салайық, Канело Скуллды төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта қайтадан абсолют әлем чемпионы атанды.

Фото: Richard Pelham/Getty Images
Фото: Richard Pelham/Getty Images

Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Вильям Скулл (23-1, 9 KO) арасында абсолют әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жанкүйерлер көңілінен шықпады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұны статистика да растап отыр. Сауд Арабиясынның астанасында өткен айқаста тарихи антирекорд тіркелді. 

CompuBox мәліметінше, Сауль мен Вильям 12 раунд ішінде бар болғаны 445 соққы жасаған (Канело 152, Скулл 293). Бұл - кейінгі 40 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш.

Бұған дейінгі антирекорд Джозеф Паркер мен Деонтей Уайлдердің кездесуінде тіркелген еді, олар 12 раундта 459 соққы жасаған. Алайда Альварес пен Скулл олардан 14 соққы аз жасапты.

Еске салайық, Канело Скуллды төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта қайтадан абсолют әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары