$ 516.01  582.47  6.26

Өзбекстандық боксшы Саттархановтың ескерткішіне тағзым етті

Жасурбектің бұл жазбасына оның оқырмандары ерекше қолдау көрсетті.

Фото: instagram.com/jasurbek_latipovofficial
Фото: instagram.com/jasurbek_latipovofficial

Өзбекстанның белгілі боксшысы, Лондон Олимпиадасына қатысушы Жасурбек Латипов Түркістандағы Бекзат Саттархановтың ескерткіше тағзым етіп, құрметті көрсетті. Бұл туралы өзбекстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында фотосурет жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бекзат Саттарханов – 57 кг салмақ дәрежесінде 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы. 20 жасында жеңіске жеткен аңыз тұлға», - деп жазды Латипов.

Жасурбектің бұл жазбасына оның оқырмандары ерекше қолдау көрсетті. Олардың арасында боксшының қазақстандық қарсыласы Ілияс Сүлейменов те бар.

Жасурбек Латипов әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. Ол 2011 жылы Бакуде өткен біріншілікте қола жүлде иеленсе, 2013 Алматыда, 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген. Сондай-ақ, ол Азия чемпионы (2017 ж.), Азия ойындарының жеңімпазы (2018 ж.)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары