$ 516.01  582.47  6.26

Абат Айымбетов матч кезінде қарсыласының тісін сындырды (ВИДЕО)

Матч "Бешікташтың" ірі жеңісімен аяқталды – 4:1.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркия чемпионатында «Адана Демирспор» клубының сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов «Бешікташқа» қарсы матчта күтпеген оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесудің небәрі 22-минутында Айымбетов әуедегі допқа талас кезінде шынтағымен Габриэль Паулистаның бетіне соғып, қарсыласының тісін сындырған. Соған қарамастан, бразилиялық қорғаушы ойынды соңына дейін жалғастырды. Айта кетейік, Паулиста кезінде «Атлетико» және «Арсенал» клубтарында ойнаған тәжірибелі футболшы.

Бұл жағдай жанкүйерлер мен спорт сарапшыларының наразылығын тудырып, Айымбетовтің әрекеті әлеуметтік желілерде кең талқылануда. 55-минутта ол тағы бір ереже бұзып, сары қағаз алды — бұл оның маусымдағы төртінші ескертуі. Осылайша, шабуылшы келесі кездесуге қатыса алмайтын болды.

Матч «Бешікташтың» айқын жеңісімен аяқталды — 4:1. Ал жарақатына байланысты қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов бұл ойында алаңға шыққан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары