Жылдар бойы клубтың ішкі тәртібін сақтап, "Реалға" бірнеше мәрте Чемпиондар лигасын сыйлаған италиялық маманмен қоштасатын сәт те алыс емес.
Мадридтік "Реалдың" аңыз ойыншысы, соңғы жылдардағы ең табысты бапкерлердің бірі Хаби Алонсо Сантьяго Бернабеуге қайта оралады. Алайда бұл жолы ойыншы емес, бас бапкер ретінде, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы сенімді ақпарат көзі Фабрицио Романо мәлімдеді. Оның айтуынша, Алонсо мен мадридтік клуб арасындағы келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жасалған. Қаржылық мәліметтер әзірге құпия сақталуда.
Карло Анчелотти дәуірі аяқталуға жақын. Жылдар бойы клубтың ішкі тәртібін сақтап, "Реалға" бірнеше мәрте Чемпиондар лигасын сыйлаған италиялық маманмен қоштасатын сәт те алыс емес.
Алайда команданың тізгінін өз дәуірінде мадридтік ұжымда ойнаған, клубтың тыныс-тіршілігін іштен білетін Алонсоға беру – клубтың болашағы үшін жасалған сенімді қадам. Хаби Алонсо 1 маусымнан бастап қызметіне ресми кірісіп, АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатында (15 маусым – 13 шілде) бапкер ретінде алғашқы матчына шығады.
Оның соңғы жұмыс орны Германияның "Байер" клубы футбол әлемін таңғалдырған. Алонсоның жетекшілігімен "Байер" алғаш рет Бундеслиганы жеңіп, ел кубогын иеленіп, Еуропа лигасының финалына дейін жетті. Ең бастысы – команда бір маусымда бірде-бір жеңіліссіз рекорд орнатты.
Ал "Реалды" осы уақытқа дейін басқарған Анчелоттидің есімі жиі-жиі Бразилия құрамасымен байланыстырылуда. Маусым соңында ол ұлттық құрама тізгінін ұстауы мүмкін деген болжамдар күшейіп келеді.
Хаби Алонсоның "Реалдағы" жаңа дәуірі басталды. Оның тактикалық шеберлігі, ойынға деген көзқарасы мен клубқа деген адалдығы жаңа жетістіктерге жол ашары сөзсіз. Мадридте үлкен үміт пен жаңа тарихтың алғашқы парағы жазылуға дайын.