$ 510.59  578.91  6.37

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусымда Беларусьпен, ал 9 маусымда Солтүстік Македониямен матч өткізеді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Қазақстандық маман Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бүгін ұлттық және жасөспірімдер құрамаларындағы кадрлық өзгерістер туралы ресми мәлімдеме жасады. Жарияланған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері де көрсетілген.

Федерацияның жаңа даму кезеңіне көшу аясында келесі мамандар тағайындалды:

– Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры
– Руслан Балтиев – ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры
– Әли Әлиев – Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері
– Денис Мамонов – Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға жаттықтырушысы
– Кирилл Кекер – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға жаттықтырушысы
– Бауыржан Сағындық – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға жаттықтырушысы
– Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері
– Жанна Мальгаждарова – Қазақстан қыздар құрамасының (U-19) аға жаттықтырушысы
– Юлия Мамонова – Қазақстан қыздар құрамасының (U-17) аға жаттықтырушысы

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусымда Беларусьпен, ал 9 маусымда Солтүстік Македониямен матч өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚФФ #бапкер