Жекпе-жек тартысқа толы өтті.
Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жек турнирі OCTAGON 73 аясында негізгі кардтың алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жартылай жеңіл салмақта қырғызстандық спортшы Калысбек Саидибрагим уулу (5-5) мен қазақстандық «Питон» Тимур Қуаныш (5-0-1) кездескен болатын.
Алғашқы раундта қазақстандық файтер басымдық танытты, ал екінші бес минуттықтың соңында «Питон» қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.