$ 510.19  582.79  6.46

«Жәнібек Әлімханұлы – жалқау»: Америкалық боксшы Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

"Қарсы түрлі амал-айла жасауға болады".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Америкалық боксшы Кайрон Дэвис (19-3, 6 KO) BoxingScene порталына берген сұхбатында орта дивизиондағы белбеу иегерлеріне қатысты пікірін ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінде орта дивизиондағы төрт негізгі белбеудің екеуі – қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) тиесілі. Одан бөлек, доминикалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) пен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) меншігінде бір-бір белбеуден бар.

«Лараның жасы үлкен әрі бойы менен кішкентай. Ал Адаместің қорғанысында мығым емес. Жәнібек, бәлкім ең жан-жақты шығар, алайда жалқау болып барады. Олардың әрбіріне қарсы түрлі амал-айла жасауға болады. Мен олардың әрбірімен жекпе-жекке шыққым келеді», – дейді боксшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары