$ 511.67  582.38  6.53

Қытай қазағы Джалоловты жеңіп, финалға шықты

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қытай атынан шыққан Таңатқанға берді.

Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Қытай құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалына жолдама алу үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

80 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол Өзбекстан боксшысы Самандар Жалоловпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қытай атынан шыққан Таңатқанға берді.

Айта кетейік, екінші және үшінші раундтарда Тоқтарбек қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.

Осылайша, Тоқтарбек финалға жолдама алды, ал Жалолов турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары