Ол әлеуметтік желіде тойда көйлекпен түскен фотосын жариялаған.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман желі қолданушыларын көркімен сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желіде тойда көйлекпен түскен фотосын жариялаған.
«Менің күнделікті спорттық образымнан шаршаған шығарсыздар. Көйлек киіп ,биязы қыз болған жараса ма? Қалай сіздерге ұнады ма?», - деп сұрады спортшы жанкүйерлерінен.
Ал желі қолданушылары болса, бойжеткеннің әдемілігін жарыса жазды.
«Мына сұлу қызды біреудің өкпесін өшіріп, бүйрегін «отырғызады» деп кім айтады?», «Енді қызға ұқсай бастадың», «Сұлусың!», «Недеген нәзіктік», «Осы Сары үйсіннің қызына үйленетін шығармын», «Әй, мынау кім? Біздің қыз қайда?» деп жазды көпшілік оның суретіне қатысты.