02.06.2025, 13:00

Ангелина Лукас «әлем чемпионы» атағын сәтті қорғап шықты

Фото: желіден алынды

Таразда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол Чилиден келген қарсыласы Даниэла Асенхоны (17 жеңіс, 5 жеңіліс, 3 тең ойын, 2 нокаут) жеңді.

Ангелина Лукас IBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы (52,1 кг) әлем чемпионы атағын сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таразда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол Чилиден келген қарсыласы Даниэла Асенхоны (17 жеңіс, 5 жеңіліс, 3 тең ойын, 2 нокаут) жеңді. Асенхоның бапкерлік тобы алтыншы раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Бұл кездесу Лукас үшін өткен жылдың қазан айындағы жеңілістің есесін қайтару болды - сол кезде Ыстамбұлда төрешілердің ортақ шешімімен Асенхо жеңіске жеткен еді.

Асенхо бұл жолы карьерасындағы бесінші жеңіліске ұшырады және алғаш рет кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Ал Лукас үшін бұл — 15-ші жеңіс (оның 8-і нокаутпен), бір ғана жеңіліс бар.

28 жастағы Лукас IBO белбеуін алғаш рет 2024 жылдың қазан айында Бангкокта жеңіп алған болатын. Кейінгі үш жекпе-жекте ол бұл атақты қорғауға шықпаған еді.