Оның жағдайы – оның шешімі.
Бірнеше күннен бері Бибісара Асаубаеваның басы даудан арылмай жатыр. Оқырман қауым оның қазақшасы шорқақ екенін айтып, сөгіс білдірген. Осы орайда желі қолданушылары белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлікке Бибісараға қатысты сұрақ қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін де қос шахматшының қарым-қатынасы мәз емес еді. Желі қолданушылары Жансаяға «Бибісараға қатысты жағдай туралы не ойлайсыз?» деген сұрақ қойған.
Оған Жансая: «Одан да маңызды мәселелер бар ғой. Неге бұл жағдай маған қызық деп ойлайсыздар? Оның жағдайы – оның шешімі. Өзі шаруасын өзі шешсін», - деп жауап берген.