06.06.2025, 05:00

«Парижде зор құрметке бөлендік»: Ақмарал Науатбек Президентке реніші жоқ екендігін мәлімдеді

Фото: желіден алынды

"Мені телефонмен құттықтамады деп ренжіген жоқпын, керісінше, біз Парижк де Президентімізден үлкен құрмет көрдік".

Париж Пара Олимпиадасының чемпионы Айгерім Науатбек жақында ғана "Zamandas" подкастына берген сұхбатында "Президент телефон арқылы жеңісіммен құттықтамады" деп ренжіген еді. Бұл қоғамда түсініспеушілік тудырған. Ол өз парақшасында жазба жариялап, түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Осы жазба арқылы ойымды жеткізгім келеді. Менің бұл сұраққа берген жауабым - Мемлекет басшысының біздің пара спорт, параспортшыларды қолдауын жоққа шығармайды. Керісінше, Қазақстан - спортшыларға спорттан кейін де кәсіби түрде параспортпен айналысып, арманыңа қол жеткізуге жағдай жасап отырған әлемдегі санаулы ел екенін айтқым келеді. Осыған дейінгі барлық сұхбаттарымда да мемлекет тарапынан қолдаудың біздің негізгі күшіміз екенін жасырмағанмын, - алға тартты", - деді ол.

Сондай-ақ, ол Президентке еш ренжімегенін алға тартты.

"Мені телефонмен құттықтамады деп ренжіген жоқпын, керісінше, біз Парижде Президентімізден үлкен құрмет көрдік. Олимпиада және Паралимпиада ойындарынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция президенті Эмманюэль Макрон Парижде Элисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді. Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, дипломаттармен қатар қарашадай қыз болсам да, құрмет көрсетіп, қонақтар қатарында болдым. Бұл сәт мен ойлағаннан да 1000 есе әсерлі және мәңгі есте қалатындай сезім болды. «Айтылған сөз - атылған оқ» екенін білемін. Алайда, ойымды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын", - делінген жазбада.