19.06.2025, 19:00

Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

Фото: fergana.media

Бұл туралы «Крылья над Волгой» телеграм-арнасы жазды.

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ресей Премьер-лигасындағы «Крылья Советов» (Самара) клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы «Крылья над Волгой» телеграм-арнасы жазды.

«Крылья Советов» клубының бас бапкері Магомед Адиев қазіргі таңда Түркияның «Адана Демирспор» командасында ойнап жүрген шабуылшы Абат Айымбетовке қызығушылық танытып отыр. Ол Айымбетовпен Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Абат Айымбетов 2021 жылы да Самара клубында өнер көрсеткен, алайда сол кезде негізгі құрамда тұрақты орныға алған жоқ.