27.06.2025, 00:30

Уимблдон: Қазақ теннисшісі негізгі кезеңге жолдама алды

Фото: ҚТФ

Бейбітпен қатар негізгі кезеңде Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина да бақ сынайды.

Ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның ашық чемпионаты – Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі себетінде алғаш рет өнер көрсетпек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іріктеу финалында Бейбіт Жұқаев (әлемдік рейтингтегі орны – 251) Луку Павловичті (239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіндегі жеребе жұма күні таңертең өтеді.

Бейбітпен қатар негізгі кезеңде Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина да бақ сынайды.

Тегтер: турнир теннис