02.07.2025, 11:20

Головкин World Boxing ұйымының президенті атануы мүмкін

Фото: instagram.com/gggboxing

Егер Головкин сайлауда жеңіске жетсе, ол әлемдік деңгейдегі бокс ұйымын басқарған алғашқы қазақстандық болмақ.

Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенті қызметіне үміткер болмақ. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Есен Елеукеннің YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты Есен Елеукеннің YouTube арнасына қонаққа келген қазақ спорт журналисі Уалихан Қосанбай жеткізді.

Ұйымның кезектен тыс конгресі 2 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Дели қаласында өтеді. Дәл осы жиында жаңа басшыны сайлау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Головкин World Boxing құрамындағы Олимпиада-2028 (Лос-Анджелес) бокс турнирін ұйымдастырумен айналысатын комиссияны басқарады.

Айта кетейік, GGG соңғы рет рингке 2022 жылы шыққанымен, әлі күнге дейін мансабының аяқталғанын ресми түрде жариялаған жоқ. Соған қарамастан, ол әлемдік бокста беделді тұлға ретінде мойындалған.  

World Boxing президенті қызметін қазіргі таңда Нидерланд өкілі Борис ван дер Ворст атқарып отыр. Оның қайтадан сайлауға түсетіні жайлы нақты ақпарат жоқ.

Егер Головкин сайлауда жеңіске жетсе, ол әлемдік деңгейдегі бокс ұйымын басқарған алғашқы қазақстандық болмақ.