02.07.2025, 18:50

Геннадий Головкин әлем кубогіне қатысып жатқан қыз-жігіттерді қолдауға келді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

GGG қазақ қыз-жігіттерін қолдауға келді.

Елорда төрінде Бокстан әлем кубогі өтіп жатыр. Айтулы додада Қазақстан құрамасының қыз-жігіттері де керемет ойын көрсетуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин қазақтің ұл-қыздарын қолдауға аренаға барды.

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"GGG қазақ қыз-жігіттерін қолдауға келді", - деп жазды ол.