$ 520.93  609.07  6.68

«Нағашыларына тартқан»: Дмитрий Бивол анасының Қазақстанда туылғанын айтты (ВИДЕО)

"Алып анадан туады, Шымкентке жиен екен ғой".

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Кәсіби боксшы Дмитрий Бивол ата-анасы қай өңірден екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Былғары қолғап шеберінің сөзінше, анасы Шымкент қаласында дүниеге келген екен. 

"Менің анам Қазақстанда оның ішінде Шымкент қаласында туылған. Содан кейін Бологое қаласына оқуға кеткен. Анам Кеңес Үкіметі кезінде туылғандықтан емін-еркін жүре берген. Ал әкем Молдовада туылған. Ол да оқуға барып екеуі сол жақта танысқан. Кейін бірге Қырғызстанға кеткен. Арада шекара болмағаннан кейін ол уақытта әрі-бері жүре берген ғой. Мен ата-анамның Қырғызстанға барғанына қуаныштымын", - деді ол. 

Спортшының бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыға түсті. 

"Неге мықты десем, нағашыларына тартқан екен ғой", "Қырғыздар нег біздікі деп жүр? Шымкенттен шыққан екен ғой", "Алып анадан туады, Шымкентке жиен екен ғой", "Түрі де қазаққа ұқсайды негізі", деп жазды олар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 49
Ұнамайды 3
Күлкілі 8
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары