$ 520.93  609.07  6.68

Жаман аты шыққан Жанқош Тұраров көпшілікке жағатын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Пікір жазушылардың арасында боксшының жары Клара Иса да бар. 

Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан
Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан

Жанқош Тұраров желідегі парақшасында қыздарына қандай әке екенін айтып, балалық шағынан сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, боксшының өзі бүлдіршін шағында қатты ерке болған. 

«Мені бала күнімде үлкендер көп еркелеткен. Өзім еркелеп өстім. Сол еркеліктің қаншалықты олардың арманын алға жетелейтінін жақсы білемін. Сондықтан олар өз армандарының орындалатынына сенімді бала болып өскенін қалаймын. Сол себепті оларды көп еркелетемін. Бала біреуге еркелей алса, сенімді болып өседі. Ал еркелей алмай, ішіндегісін бұғып қалатын бала ынжық болып өссе, ол ертең көп армандарына қол жеткізе алмай қалады. Осы үшін де балаларымды еркелеткім келеді. Барлық махаббатың бәрін балаларыма бергім келеді», - деді спортшы.

Жанқоштың бұл сөзі көпшіліктің көңіліне жағып, жылы пікірге ие болды. Пікір жазушылардың арасында боксшының жары Клара Иса да бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары