Бішкекте жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.
2025 жылғы 9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.
87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.