9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді
Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды. Ол 2003 жылы туған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Kozachkov offside арнасына сілтеп хабарлайды.
Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.
Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.