$ 526.5  611.64  6.72

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

Бұл жекпе-жек «Чемпиондар түні» кешінің бір бөлігі болуы керек еді. 

Фото: prospects.kz
Фото: prospects.kz

Әлемдік бокс индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Сауд Арабиясының беделді инвесторы Турки әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыруға ниет білдіргенін мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, бұл жекпе-жек Адаместің келіспеуінен жүзеге аспай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Ол (Адамес) менің уақытымды босқа өткізді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Мен оған өте жақсы, жомарт ұсыныс жасадым. Алайда 4–5 күн бойы мүлде жауап болмады. Бұл өте түсініксіз жағдай. Ақырында мен өз ұсынысымды кері қайтарып алдым. Бұл жекпе-жек «Чемпиондар түні» кешінің бір бөлігі болуы керек еді. Жәнібек тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Бар мәселе – Адаместе», – деді Турки әл аш-Шейх Thaboxingvoice подкастында.

Айта кетейік, бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растады. Ол X (бұрынғы Twitter) желісінде әл аш-Шейхтің сұхбатынан үзінді жарияланған видеоны бөліскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары