$ 533.61  621.07  6.78

Александр Бублик Гштадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Жартылай финалға шығу арқылы Бублик 100 рейтингтік ұпай мен 31 090 еуро көлемінде жүлде сомасын иеленді.

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 34-орын) 18 шілдеде Швейцарияның Гштад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирде сәтті өнерін жалғастырып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесануды (ATP №74) 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Бір сағаттан сәл аса уақытқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші ойын тізгінін уысынан шығармай, қарсыласына өз геймін бірде-бір рет алуға мүмкіндік бермеді.

Жартылай финалда Бублик швейцариялық Жером Ким (ATP №154) мен франциялық Артюр Казо (ATP №116) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Жартылай финалға шығу арқылы Бублик 100 рейтингтік ұпай мен 31 090 еуро көлемінде жүлде сомасын иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары