$ 541.93  636.71  6.83

Александр Усик бесінші раундта Даниэль Дюбуаны нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Кездесу Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті.

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

38 жастағы жеңіліс көрмеген украиналық Александр Усик бесінші раундта 27 жастағы британдық Даниэль Дюбуаны нокаутпен жеңді. Осылайша Усық аса ауыр салмақта бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Усик пен Дюбуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2023 жылы 26 тамызда Вроцлавта (Польша) өткен. Одан кейін украиндық спортшы тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Усик 2013 жылы кәсіпқой боксшы ретінде дебют жасады. Украиналық спортшының рекорды 24 жеңіске жетті, оның 15-ін нокаутпен жеңіп, жеңіліс тапқан жоқ. Ол бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы.

Дюбуа 2017 жылдан бері кәсіпқой жарыстарға қатысып келеді. Британдық боксшының рекорды 24 жеңіске жетті, оның 21-і нокаутпен, үшеуі жеңілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары