04.08.2025, 12:20

Қазақстандық балуан Польшадағы турнирде күміс медаль еншіледі

Фото: ҰОК

Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.

— Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты. Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.