Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, спорттық гимнастика шебері Нариман Құрбанов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Естеліктерге оралу әрқашан да жылы болады, бірақ осымен біз тоқтап қалмаймыз. 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының алтынына күресу үшін бар күшімді салып, еңбек ететін боламын», — деп жазды Нариман.
Айта кетейік, Нариман Құрбанов 2024 жылғы Олимпиадада ат снаряды жаттығуы бойынша күміс медаль жеңіп, елді өзіне қаратқан еді.