$ 538.33  626.99  6.71

Иван Дычко «Канело» – Кроуфорд кардында бокстасатын болды

Иванның соңғы жекпе-жегі биыл шілде айында өткен болатын.

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) келесі кездесуін 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Терренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) арасындағы мега-айқас болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz мәліметінше, Дычконың қарсыласы – америкалық кіші Джермейн Франклин (23-2, 15 КО). Қос боксшы 10 раундқа жоспарланған айқаста күш сынасады. Бұл жекпе-жектің өтетінін UFC президенті Дана Уайт әлеуметтік желіде ресми түрде жариялады.

Айта кетейік, Иванның соңғы жекпе-жегі биыл шілде айында өткен болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы америкалық Самуэль Кросседті (11-5-1, 7 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген еді.

Әуесқой рингте Дычко екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2015) атанып, екі Олимпиадада қола жүлде жеңіп алды (2012, 2016). Сондай-ақ әлем чемпионатында бір қола (2011) және екі күміс медальға (2013, 2015) қол жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары