$ 538.33  626.99  6.71

Сүйінші! Шавкат Рахмоновқа қатысты қуанышты хабар шықты

Бұл орында қазақстандық спортшы бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырды.

Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов алғаш рет UFC ұйымының салмаққа қарамайтын үздіктер рейтингісіне (P4P) енді. Отандасымыз 15 орынды еншіледі, деп хабарлайды спортшының командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шавкат Рахмонов UFC-де тарихи жетістікке қол жеткізіп, P4P үздік файтерлер рейтингісінде 15-орынға көтерілді. Бұл орында қазақстандық спортшы бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырды.

Айта кетейік, Шавкат – P4P рейтингіне енген алғашқы қазақстандық файтер. Жартылай орта салмақтан үздік 15-ке қазіргі чемпион Джек Делла Маддалена (№8) мен бұрынғы чемпион Белал Мұхаммед (№13) кірді.

Ал жақында чемпиондық титулды жеңіп алған Хамзат Чимаев рейтингте 10 орынға алға жылжып, төртінші орынды иеленді. Оның қарсыласы Дрикус дю Плесси 7 орынға төмен түсіп, 11-орынды еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 66
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары