$ 539.55  627.55  6.7

«Реал Мадрид» клубының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Ең соңғы ойын 28 қаңтарда “Арсеналға” қарсы болмақ. 

Фото: Real Madrid
Фото: Real Madrid

Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Қайрат” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарын 18 қыркүйекте бастайды. Алғашқы матч “Спортингке” қарсы болмақ. 

Ал 30 қыркүйекте “Реал Мадридке” қарсы ойын өткізеді. Бұған дейін “Қайраттың” жаттықтырушысы Рафаэль Оразбахтин ойынды Астанада өткізу туралы мәселенің қаралып жатпағанын айтқан еді. 

5 қарашада “Қайрат” клубы “Интер Миланмен” ойын өткізеді. Ең соңғы ойын 28 қаңтарда “Арсеналға” қарсы болмақ. 

Қайрат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары