$ 539.55  627.55  6.7

«Қайрат» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

Клуб өкілдері билеттердің сату күні мен бағасы әлі белгіленбегенін ескертті.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Футбол клубы «Қайрат» «Реал Мадридпен» болатын матчқа билеттер сату туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Клуб әлеуметтік желілерде таралып жатқан «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттерді сату немесе брондау жайлы кез келген ақпараттың жалған екенін атап өтті.

«Билеттерге қатысты ақпараттың жалғыз ресми дереккөздері – клубтың ресми сайты мен ФК «Қайраттың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары», – делінген ресми хабарламада.

Клуб өкілдері билеттердің сату күні мен бағасы әлі белгіленбегенін ескертті.

Жанкүйерлерге бөгде хабарландыруларға сенбеуге және бейресми арналар арқылы сатып алмауға кеңес беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары