$ 535.13  627.44  6.52

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын есеңгіретіп, төреші есеп ашты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан үшін дебюттік кездесу сәтті болды. Отандасымыз алжирлік боксшы Эсуф Яичемен тартысқа толы жекпе-жек өткізді. 

Үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын есеңгіретіп, төреші есеп ашты. Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы рингке шығатынын хабарлаған едік. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары