Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан отандасымыздың жеңісін тіркеді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан 1/16 финалдық кезеңдегі айқаста қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы мексикалық Бриан Оуен Ортизбен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан отандасымыздың жеңісін тіркеді.
Осылайша Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сенімді өткізіп, әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.