$ 536.76  630.85  6.45

Әли Әлиевтің орнына бас бапкер кім болады? Марат Омаров жауап берді

Нәтиже көңіл көншітпейді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Али Алиевтің мансабын босатуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Спорттық бөліммен келесі бапкер кім болатынын команда оралған соң шешеміз. Экспат па, әлде жергілікті маман ба, оған қарамаймыз. Міндетті түрде бапкердің кәсіби құзыреттілігіне қараймыз, — деп қысқа қайырды Марат Омаров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ тілшілер қауымы футбол федерациясының президентінен Али Алиевтің қызметіне баға беруін сұрады.

— Өзіне жүктелген міндетті орындады. Құраманың орташа жасы 25–26-да. Дегенмен, нәтиже көңіл көншітпейді. Сондықтан команда келген соң кадрлық шешім қабылдаймыз. Себебі келісімшарттық мәселе, белгілі бір шарт және заң тұрғыдан реттейтін жайт бар, — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары