$ 538.2  629.64  6.34

«Зор жаңалық»: Жәнібек Әлімханұлының жазбасы жанкүйерлерін қуантты

Келісім-шарт 2–3 күнде біту керек!

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісім-шарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

«Шешіліп қалды! Келісім-шарт 2–3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!» – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді. 

Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары