09.09.2025, 21:30

Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, ширек финалға өтті

Фото: ҰОК

Бірінші раудта нокдаунға жіберген. 

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 1/8 финалда Косово өкілі Башким Баджокуды нокаутпен ұтып, ширек финалға жолдама алды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундта Сабырханның дөп тиген соққысы қарсыласын нокдаунға жіберді. Баджоку рингке қайта тұра алмай, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.