$ 538.2  629.64  6.34

«Тойдан шықпай жүрді»: Бапкер Нұрбек Оралбайдың Олимпиададан кейінгі дайындығын сынады

Ол Олимпиададан кейін тойлап кеткен Нұрбек Оралбайдың мансабы тоқтап қалғанын сынады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстан бокс құрамасы Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында күтпеген нәтижелер көрсетті: 9 боксшының ішінен тек үшеуі ғана жартылай финалға шықты. Ал бірнеше фаворит ширек финалға да жетпей жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Танымал бапкер Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, мәселе тек төрешілікте емес, спортшылардың өзінде.

«Нұрбек Оралбай Олимпиададан кейін тоқтап қалды. Тойдан шықпай жүрді. Бізде боксшыларға артық марапат көрсетіп, кортежбен алып жүру әдетке айналды. Егер осыны тоқтатпасақ, рингіміздің орнын тойхана басады», – деді ол.

Еділовтің пікірінше, қазақ боксын қайта өркендету үшін артық даңқ емес, тәртіп пен аштық сезімі қажет.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары