$ 541.18  636.05  6.52

Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай финалға шықты

Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров
Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстандық боксшылар – Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Өз кезегінде Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары