$ 540.84  634.46  6.43

«Ойлашы, екі бірдей шәкіртің чемпион»: комментатор желідегі трендті бокста қолданды (ВИДЕО)

Бұл додада Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады.

Фото: @worldboxing.events
Фото: @worldboxing.events

Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында комментатор болған Айбек Намазбаев әлеуметтік желідегі кеңінен тараған «Ойлашы» трендін бокстың шаршы алаңында қолданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Ойлашы, сен Ілияс Оралбековсың, сенің екі бірдей шәкіртің Әлем чемпионатының финалында, екеуі де мықты қарсыластарды жеңіп, әлемді өзіне қаратты. Ал енді финалда жеңіске жетіп, көк Туды желбіретті, оны көрген бапкер қуаныштан көзіне жас алды. Жарайсың, Махмұд Сабырхан», - деді Айбек Намазбаев.

Айта кетейік, Махмұд Сабырханның інісі Төрехан Сабырхан да чемпионатта жеңімпаз атанды.

Бұл додада Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары