Кездесудің 10-минутында ол қонақтардың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып қалды.
Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, ол жақын матчтарға қатыса алмайды. Қосымша мәлімет әзірге жоқ, – деді "Қайрат" ФК-ның медиа-офицері Арман Жақсығұлов.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков жарақатты ел біріншілігінің 23-турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында алды. Кездесудің 10-минутында айып добын орындау кезінде ол қонақтардың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кетті.
Еске сала кетейік, "Қайрат" қақпашысы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі тарихи "Селтикпен" болған матчтан кейін танымал болды. Ол кезде Анарбеков үш пенальтиді қайтарып, алматылықтарға турнирдің топтық кезеңіне шығуына көмектескен еді.
18 қыркүйекте "Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қонақтағы матчын Лиссабонның "Спортингіне" қарсы өткізеді және 30 қыркүйекте өз алаңында "Реал Мадридті" қабылдайды.