16.09.2025, 10:40

Әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

М&S Bank Arena аренасында 68 елден келген 540 боксшы бақ сынады.

 

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласынд өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл турнирдің ерекшелігі әлемдік бокс федерациясының жаңа құрылымы аясында ұйымдастырылған алғашқы ірі жарыс болды. М&S Bank Arena аренасында 68 елден келген 540 боксшы бақ сынады.

World Boxing ұйымы жеңімпаз атанған боксшыларға сыйақы тағайындамаған.

Бізде мемлекет тарапынан чемпиондарға 15 мың доллар, екінші орынға 10 мың, 7 мың доллар берілуі керек. Сондай-ақ бокс федерациясы да өз тарапынан қаржылай ынталандырады деп ойлаймын.Себебі бұған дейінгі жарыстардың барлығында да жақсы сый-құрмет көрсетіп келді,-дейді Аслан Қаженов.