$ 539.54  637.09  6.52

Жеңіс туын желбіреткен чемпиондарымыз елге оралды (ВИДЕО)

Бұл додада қазақстандық боксшылар тарихи жетістікке қол жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында топ жарған Қазақстанның ұлттық бокс құрамасы елге оралды. Ерлер командасын Астана халықаралық әуежайында, ал әйелдер құрамасын Алматыда жанкүйерлер, ата-аналар мен жақындары ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл додада қазақстандық боксшылар тарихи жетістікке қол жеткізді. Құрама 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жанкүйерлер спортшыларды зор мақтанышпен қарсы алып, олардың жеңісі ел абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары