Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында үшінші рет төрт алтын иеленді.
Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайда Ливерпульде өткен әлемдік додада топ жарған Қазақстан құрамасын салтанатты түрде қарсы алды. Шара барысында ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
15–22 қараша күндері Үндістанда өтетін әлем кубогының финалдық кезеңіне ұлттық құраманың негізгі көшбасшылары қатыспайды. Бапкердің айтуынша, бұл жарыста 2–3 нөмірлі боксшыларға сенім артылады.
Қазан айында өтетін ел чемпионатынан тек Ливерпульде алтын алған спортшылар:
Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбай (+90 келі)Осы боксшылар демалыс алады. Қалған боксшылар міндетті түрде чемпионатқа қатысады.
Алдымен 12–19 қазан аралығында Семейде өтуі тиіс болған ел чемпионатының уақыты сәл кейінге шегеріледі. Бұл шешімнің себебі – бірнеше жылдан кейін қайта жаңғырған Қазақстан Конфедерациясы кубогы мен чемпионаттың арасы тым жақын болуы. Дегенмен, жарыс қазан айында міндетті түрде өтеді.
Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында үшінші рет төрт алтын иеленді.
«Нәтиже жақсы. Бірақ Өзбекстан құрамасына кеткен есені қайтару үшін әлі көп жұмыс істеу қажет. Мысалы, 80 келідегі Нұрбек Оралбай жеңуі тиіс еді, бірақ ол нәтиже көрсетілмеді. Дегенмен, кейбір салмақтарда қазақ боксшыларының үстемдігін мойындау керек», - деді Қайрат Сәтжанов.