$ 541.19  636.44  6.49

«Анасы сияқты емес, жап-жас»: Шерхан Қалмырзаға анасының қолдауы жанкүйерлерді тәнті етті

Мен үшін сен ең мықтысың!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды.

Ойыннан кейін әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында Сәуле Рабаева былай деді:

«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін».

Бұл сөздер жас қақпашыны қолдаған мыңдаған жанкүйердің жүрегінен орын алып, әлеуметтік желілерде кең тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары