$ 541.19  636.44  6.49

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов Бішкекте кездеспек

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов 25 қазанда Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кешінде кәсіпқой рингке екінші рет көтерілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл – оның кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Айта кетейік, алғашқы кездесуінде ол филиппиндік Кристиан Леганмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Осы жеңістен кейін спорт сарапшылары Бибосыновтың әуесқой бокстан толықтай кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін болжап отыр. Дегенмен, Сәкен бұл мәселе бойынша әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сол күні рингке Өзбекстан атынан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов та шығады. Ол кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, соның ішінде 5 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Әзірге екі боксшының да қарсыластары белгісіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың есімдері алдағы апталарда белгілі болмақ.

Бокстан Орта Азиядағы басты спорт кештерінің біріне айналғалы отырған бұл турнирге жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Бибосынов пен Дусматовтың бір кеште шаршы алаңға шығуы – аймақтағы бокс беделін арттырып, көпшілік назарын аудармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары