$ 541.19  636.44  6.49

«Біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін»: Назым Қызайбай өзін сынағандарға жауап қайтарды

"Адамдар әрқашан бір себеп тауып, теріс пікір айтуға дайын тұрады".

Фото: Instagram/nazym.kyzaibay
Фото: Instagram/nazym.kyzaibay

Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіде өзін сынап, жағымсыз пікір жазатындарға жауап қатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы өзінің образы мен іс-әрекетіне байланысты айтылған сынға арнайы жазба арнады. Ол үшін нағыз мықтылық – ешкімге зиян келтірмеуде екенін атап өтті.

«Адамдар әрқашан бір себеп тауып, теріс пікір айтуға дайын тұрады. Біреу қызғаныштан, біреу назар аудару үшін, тағы біреу өзінің ішкі бақытсыздығынан. Бірақ мұның бәрі мені алаңдатпайды. Себебі мен кім екенімді жақсы білемін. Басқаларды сынау – әлсіздіктің белгісі ғана. Мен ешқашан біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін. Өзім дұрыс деп санаған жолмен жүремін. Ең бастысы — ешкімге әдейі зиян келтірмеймін, жамандық тілемеймін. Мықтылық деген осы», – деді ол.

Ол сонымен қатар қателік адам баласына тән екенін, бастысы — жүректің таза болыпi, өзгеге жақсылық тілей білу екенін баса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары